POLARIS PCM 1525E скачать инструкцию по эксплуатации (Страница 30 из 33)

Языки: Русский
Страницы:33
Описание:Кофеварка
На сайте можно просмотреть полную версию документа и скачать его в формате PDF.
Страница 30 из 33
58
59
ШЫНЫАЯҚТЫҢ МӨЛШЕРІ
МӨЛШЕР
Espresso - Эспрессо
бір мөлшер (одинарная порция)
екі есе мөлшер (двойная порция)
50 мл
100 мл
Cappuccino - Капучино
бір мөлшер (одинарная порция)
екі есе мөлшер (двойная порция)
100 мл
180 мл
Latte - Латте
бір мөлшер (одинарная порция)
екі есе мөлшер (двойная порция)
180 мл
280 мл
8. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Құралды тазартпас бұрын оның сөндірілгендігіне, желіден ажырағандығына, сондай-ақ
толық суығанына көз жеткізіңіз.
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін сүзгінің бітеліп қалуын және де кофеқайнатқыштың
бөліктеріне жабысып қалған, қиын жойылатын қалдықтарын алдын алу үшін тазартуды кеш
уақытқа қалдырмай орындаңыз.
Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салуға мүлдем болмайды. Судың электр
қосылысына тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Құралдың сыртқы жағын жұмсақ ылғал шүберекпен сүртіңіз. Құралды тазарту үшін
абразивті және агрессивті тазарту құралдары мен органикалық ерітінділерді пайдалануға
тыйым салынады.
Сүзгінің ұстағышын шешіп алыңыз, сүзгіден кофенің қалдықтарын алып тастаңыз. Сүзгінің
ұстағышын және сүзгіні ағын жылы судың астына қойып, жұмсақ матамен немесе түктері
жоқ ысқыштың көмегімен құрғатып сүртіңіз. (Сүзгінің ішкі саңылауларын қарап шығыңыз,
егер олар бітеліп қалған жағдайда майда қалшықпен тазартыңыз (құралдың жиынтығына
қоса кірмейді)).
Сүзгінің ұстағышы орналасқан орының тазартыңыз.
Сусын тамшыларын жинауға арналған түпқоймасын шешіп алыңыз, жиналған сұйықтықты
төгіп тастаңыз, содан оны жуып, жұмсақ матамен сүртіңіз. Құралды әр пайдаланған сайын
осы әрекеттерді қайталаңыз.
Мезгіл-мезгіл сайын суға арналған сауыттың ішкі және сыртқы жағын жұмсақ матамен
немесе ысқыштың көмегімен жуыңыз.
СҮТКЕ АРНАЛҒАН САУЫТТЫ ЖӘНЕ БУ ШЫҒАРАТЫН ШҮМЕКТІ ТАЗАРТУ
Сүтке арналған сауытты шешіп алыңыз, жиналған сұйықтықты төгіп тастаңыз, содан оны
жылы суда, жұмсақ ысқыштың көмегімен жуыңыз. Құралды тазарту үшін абразивті және
агрессивті тазарту құралдары мен органикалық ерітінділерді пайдалануға тыйым салынады.
Сүтке арналған сауытты ҚАҚПАҚСЫЗ ыдыс жуатын машинада жууға болады.
Сүтке арналған сауытты жуып болған соң, оған жылы су құйыңыз, судың деңгейін
қадағалаңыз, сауаттағы «max» белгісінен асыра және «min» белгісінен төмен толтырмаңыз,
содан кейін оны қақпағымен жауып оны іске қосылып тұрған және пайдалану үшін дайын
құралға орнатыңыз.
Буды шығаратын шүмегінің астына жанан тостақты орнатыңыз.
«Latte» батырмасына басып, оны 3 секунд уақыт аралығында ұстап тұрыңыз. Бұл батырманың
жоғарғы және төменгі индекаторлары жанады да, сонымен қақпақтың құрылымын жуу
үдерісі басталады. Сүтті мөлшерлеуіштің шүмегінен сүт емес, таза су аққан кезде ғана
тазарту үдерісі аяқталды деп саналады. Мөлшерлеуіш бөлшектерінің таза екендігін
келесідей тексеруге болады: қақпақтың бетіндегі майысқақ бітеуішті ашып тексеру және
қажет болса қатты қыл ысқышпен немеме қылшақпен май қалдықтарын тазартыңыз.
Құралды әрбір пайдаланудан соң бу шүмегін шешіп, тазартыңыз, ол үшін оны сағат тіліне
қарсы бұрып,бұралмалы құрылғыдан алу қажет.
ҚАҚТАН ТАЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Кофеқайнатқыштың жұмысы нәтижелі болсын десеңіз, құралды қақтан жүйелі түрде,
мүмкіндігінше 2-3 ай сайын тазартып тұрыңыз, ал егер «тұзы көп суды» пайдаланған кезде
тазартуды жиі орындау керек. Ол үшін «Құралды іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және
пайдалану» бөлімдегі көрсетілген әдістерді орындау қажет, сонымен судың орнына қақтан
тазарту үшін лимон қышқылының 2-3% ерітіндісін пайдаланыңыз. Содан кейін суға арналған
сауытты сумен толтырып, «Құралды іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және пайдалану»
бөлімдегі көрсетілген әдістерді орындау қажет.
Назар аударыңыз! Егер су жұмсақ (тазартылған) болса, кофені әзірлеудің әрбір 80 циклы сайын
толық тазарту жүргізуге кеңес беріледі, ал егер су қатты болса, әрбір 40 цикл сайын тазартыңыз.
Уақытысында жүргізілмеген немесе дұрыс күтім көрсетпеу салдарынан туындаған ақауларды
жөндеу, сондай-ақ сүзгіштерді тазарту, май қалдықтары мен қақты жоюға қатысты жұмыстар
кепілдік қызмет көрсетуге кірмейді және тұтынушы есебінен жүргізіледі.
САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ
1.
Пайдаланып болған соң құрал электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Образец
Мануал подходит для устройств