Samsung SC15H4071H скачать инструкцию по эксплуатации (Страница 48 из 88)

Языки: Русский
Страницы:88
Описание:Пылесос мешком для сбора пыли
На сайте можно просмотреть полную версию документа и скачать его в формате PDF.
Страница 48 из 88
ҚАЗАҚША-
04
Қауіпсіздік шаралары
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
ЖАЛПЫЛАМА АҚПАРАТ
• Барлық нұсқауларды мұқият оқыңыз. Іске қосар алдында электр желісіндегі кернеудің,
шаңсорғыштың астыңғы жағындағы техникалық ақпарат тақтайшасындағы мәнге сай
келетініне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Еден сүрткіш немесе еден дымқыл болса шаңсорғышты қолданбаңыз.
• Құрылғыны балалар қолданса немесе оны бала жақын жүрген жерде қолданылса,
мұқият қадағалау керек. Шаңсорғышты ойыншық ретінде қолдануға рұқсат бермеңіз.
Шаңсорғышты қолданған кезде байқаусыз қалдыруға болмайды.
Шаңсорғышты осы
нұсқауларда көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз.
• Шаңсорғышты шаң сауытын салмай қолданбаңыз.
• Құрылғы тиімді жұмыс істеуі үшін шаң сауытын толтырмай тұрып босату керек.
• Шаңсорғышты сіріңкені, ыстық күлді немесе шылым тұқылын сору үшін қолданбаңыз.
Шаңсорғышты пештер мен басқа қызу көздерінен алыс ұстаңыз.
Қызу құрылғының
пластик бөліктерінің түсін оңдыруы және деформациялауы мүмкін.
• Қатты, өткір заттарды шаңсорғышпен тазаламаңыз, себебі бұндай заттар шаңсорғыштың
бөліктеріне зиян келтіруі мүмкін.
Түтік жинағын басып тұрмаңыз. Түтікке салмақ салмаңыз.
Ауа сору немесе шығару саңылауларын бітемеңіз.
• Құрылғыны розеткадан ағытпай тұрып, шаңсорғыштың корпусындағы тетік арқылы
сөндіріңіз. Шаң сауытын босатар алдында ашаны розеткадан суырыңыз. Ашаны
розеткадан суырған кезде, зақым келмес үшін сымынан тартып емес, ашаның өзінен ұстап
суырыңыз.
• Бұл құрылғыны әрекетіне бақылау орнытылса, немесе
қауіпсіздікке жауапты тұлға аспапты
пайдалануға қатысты нұсқаулық өткізген жағдайда, 8 жастан асқан балалар,
дене кемістігі
бар
немесе ақыл қабілеті
шектеулі, сондай ақ білімі және тәжірибесі шектеулі тұлғалар
пайдалана алады.
• Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
• Құрылғыны тазалау немесе оған күтім көрсету жұмыстарын жүзеге асыру үшін ашаны
розеткадан суыру керек.
• Ұзартқыш сымды қолдану ұсынылмайды.
• Шаңсорғыш дұрыс жұмыс істемесе, оны қуат көзінен ажыратыңызжәне сертификатталған
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Образец
Мануал подходит для устройств