INDESIT BWSE 61051 скачать инструкцию по эксплуатации (Страница 22 из 56)

Языки: Русский
Страницы:56
Описание:Стиральная машина
На сайте можно просмотреть полную версию документа и скачать его в формате PDF.
Страница 22 из 56
22
KZ
Жуу циклын іске қосу
Жылдам бағдарламалау
1.
КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ.
Есікті ашыңыз. Келесі беттегі
бағдарламалар мен жуу циклдарының кестесінде
көрсетілген ең көп жүк мәнінен асып кетпеуге назар
аударып, кірлерді салыңыз.
2.
ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ.
Жуғыш зат тартпасын
ашып, «
Жуғыш заттар мен кірлер
» тарауында
айтылғанмен сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке
салыңыз.
3.
ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ.
4. Жуу бағдарламасын бастау үшін «PUSH & WASH»
түймесін басыңыз.
Әдеттегі бағдарламалау
1.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСЫҢЫЗ.
түймесін басыңыз;
START/PAUSE индикатор шамы жасыл түспен баяу
жыпылықтайды.
2.
КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ.
Есікті ашыңыз. Келесі беттегі
бағдарламалар мен жуу циклдарының кестесінде
көрсетілген ең көп жүк мәнінен асып кетпеуге назар
аударып, кірлерді салыңыз.
3.
ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ.
Жуғыш зат тартпасын
ашып, «
Жуғыш заттар мен кірлер
» тарауында
айтылғанмен сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке
салыңыз.
4.
ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ.
5.
ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАҢЫЗ.
Қажетті жуу циклын
таңдау үшін ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасын
қолданыңыз. Әрбір жуу циклы үшін температура мен
сығу жылдамдығы орнатылған; бұл мәндерді реттеуге
болады. Дисплейде циклдың мерзімі көрсетіледі.
6.
ЖУУ ЦИКЛЫН ӨЗГЕРТІҢІЗ.
Тиісті түймелерді
қолданыңыз:
Температ ура және/немесе сығу
жылдамдығын өзгерту.
Таңдалған циклдың ең
жоғарғы температурасы мен сығу жылдамдығының
мәндерін немесе, таңдалған циклмен үйлесімді
болса, ең соңғы рет қолданылған параметрлерді
құрылғы автоматты түрде көрсетеді.
түймесін басу
арқылы температураны суық сумен жуу циклының
«OFF
» параметріне жеткенше төмендетуге болады.
түймесін басу арқылы сығу жылдамдығын
толығымен өшірілгенше, біртіндеп төмендетуге
болады («
OFF
» параметрі). Бұл түймелер тағыда
басылса, ең жоғарғы мәндер қалпына келеді.
!
Қиыс жағдай:
6
бағдарламасы таңдалса,
температураны 60°C-қа дейін көтеруге болады.
!
Қиыс жағдай:
7
бағдарламасы таңдалса,
температураны 60°C-қа дейін көтеруге болады.
!
Қиыс жағдай:
10
бағдарламасы таңдалса,
температураны 90°C-қа дейін көтеруге болады.
Кешіктіріп бастауды орнату.
Таңдалған цикл үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін,
қажетті кешіктіру мерзіміне дейін жеткенше тиісті
түймені қайта-қайта басыңыз. Бұл опция қосылғанда,
дисплейде
таңбасы жанады. Кешіктіріп бастау
функциясын алып тастау үшін дисплейде «
OFF
»
мәтіні көрсетілгенше түймені басыңыз.
Цикл параметрлерін өзгерту.
• Опцияны қосу үшін түймені басыңыз; түймеге
сәйкес келетін индикатор шамы жанады.
Опцияны өшіру үшін түймені тағы бір рет басыңыз;
индикатор шамы сөнеді.
!
Таңдалған опция орнатылған жуу циклымен
үйлесімді болмаса, индикатор шамы жыпылықтайды
және опция қосылмайды.
!
Таңдалған опция оған дейін таңдалған басқа
опциямен үйлесімді болмаса, индикатор шамы
жыпылықтап, сигнал беріледі (3 сигнал) және тек
екінші опция қосылады; таңдалған опцияға сәйкес
келетін индикатор шамы жанады.
!
Опциялар ұсынылатын жүк мәніне және/немесе
циклдың мерзіміне әсер етуі мүмкін.
7.
ЖУУ ЦИКЛЫН БАСТАҢЫЗ.
START/PAUSE түймесін
басыңыз. Тиісті индикатор шамы жасыл түспен
қалыпты түрде жанып тұрады және есік құлыпталады
(ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
таңбасы жанады). Орындалып
жатқан жуу циклын өзгерту үшін START/PAUSE
түймесінің көмегімен
кір жуғыш машинаны
тоқтатып қойыңыз
(START/PAUSE индикатор шамы
сарғылт түспен баяу жыпылықтайды); одан кейін
қажетті циклды таңдап, START/PAUSE түймесін тағы
бір рет басыңыз.
Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін START/
PAUSE түймесін басыңыз; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
таңбасы өшсе, есікті ашуға болады. Жуу циклын
тоқтатылған жерінен қайта бастау үшін START/PAUSE
түймесін тағы бір рет басыңыз.
8.
ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ СОҢЫ.
Мұны дисплейдегі «END»
мәтіні білдіреді; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
таңбасы
өшкенде есікті ашуға болады. Есікті ашып, кірлерді
алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз.
!
Басталып қойған циклды доғару қажет болса,
түймесін басып ұстап тұрыңыз. Цикл тоқтатылады және
құрылғы өшеді.
Образец
Мануал подходит для устройств